Список статей
Біздің байлығымыз - Балалар!

Біздіңбайлығымыз - Балалар!

Балалар музыка мектебінде білім

нәрімен сусындап жатқан дарынды балалар үшін Жаңа жылдағы үлкен сыйлық  Астана қаласына саяхатқа шығу болды.  Іс-шара елордамыздағы ЭКСПО-2017 мұз

айдынында сырғанаумен басталып «Бейбітшілік және келісім сарайындағы »

ертеңгілікпен жалғасты. Балалар Аяз атамен оның жанындағы көмекшілерін

тамашалап, бір серпіліп қалды.  Бір

күндік мерекелік іс-шара өте қызықты әрі тартымды өтті. Осындай шараны

ұйымдастырған музыка мектебі мен балаларға керемет көңіл-күй сыйлауға

себепші  болған жомарт жандарды ерекше

атап кеткен жөн. А. Атызов, К. Ашимов, С. Балпан, М.Жетписов, Т. Уразбаев, Р.

Канатова, Ю. Альдажарова сынды кең жүрек иелерімен қатар ата-аналар М.

Дуйсембекова, И. Андрющенко, К. Баймлер, М. Фатхиева, А. Даукенова және Т.

Айдулиндер бұл саяхатқа айтарлықтай үлес қосты.

Прикреплённые файлы:20171224_165713.jpg20171224_124911.jpg20171224_115702.jpg
Автор: Құрметбек Нұрғиса
Просмотров: 190
Дата создания: 14 Января 2018 г.
Дата редактирования: 14 Января 2018 г.
www.egov.kz
Опрос